Ортопедиялық матрастың серіппелі матрастан айырмашылығы неде

Ұйқыңыздың жайлы болуы матрастың сапасына тікелей байланысты. Нашар матрас дененің ыңғайсыз күйде жатуына әкеледі. Нәтижесінде ұйықтау қиындап, оянған соң әлсіздік пен шаршау сезімі пайда болады. Ортопедиялық матрастар ұйқы туралы түсінігімізді толықтай өзгертті. Сондықтан көпшілік үшін кәдімгі серіппелі үлгілер алыс өткенде қалды.
Ортопедиялық матрастың серіппелі матрастан айырмашылығы неде?
Серіппелі матрастың бір ғана қызметі бар – ол ағаш немесе металл төсектің қатты негізін жұмсарту. Бұл үшін арқаңыз қаттылықты мүлдем сезбейтіндей, жұмсақ қабатының қалыңдығы өзіңізге лайық үлгіні таңдау жеткілікті. Осылайша серіппелі матрас ұйқыға тиісті жайлылық жасағанымен, омыртқаға ешқандай қолдау көрсетпейді.
Ортопедиялық матрас кәдімгіден түбегейлі өзгеше. Ең алдымен, оның екі қызметі бар – негізді жұмсарту және анатомиялық қолдау. Мұндай матрас әсіресе тірек-қимыл аппараты аурулары бар адамдарға аса қажет. Ал өзгелерге ол жайлы ұйқы сыйлайды, өйткені денені табиғи қалпында ұстайды. Мұндай матраста ұйықтағанда бұлшықеттер толық босаңсиды, ұйқы кезінде қан айналымы мен дене тіндерінің қоректенуі бұзылмайды.
Кәдімгі матраста да, ортопедиялық матраста да серіппелі блоктар болуы мүмкін. Бірақ олардың арасында түбегейлі айырмашылық бар. Кәдімгі матраста – уақыт өте деформацияланатын тәуелді блоктар, сөйтіп матрас ойылып қалады. Ортопедиялық матраста серіппелер бір-бірінен тәуелсіз орналасқан, соның арқасында ұзақ жылдар қызмет етеді.
Алматыда ортопедиялық матрасты жеткізумен сатып алу
Алматыдағы матрас дүкені жайлы ұйқыға арналған тауарларды міне 8 жылдан бері ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде біз сапалы сервис құрдық, клиенттерімізге нақты не қажет екенін білу үшін олардың қалаулары мен сұраныстарын мұқият зерттедік. Дүкеніміз барлық сатып алушыға ынтымақтастықтың мынадай артықшылықтарын ұсынады:
- Дүкеннің барлық ассортиментіне қолжетімді бағалар.
- Матрас үлгісін таңдауда кеңесшілеріміздің көмегі.
- Ұйқыға арналған аксессуарларды тапсырыспен жасау мүмкіндігі.
- Тапсырысты жылдам өңдеу.
- Жедел жеткізу.
- Төлемнің бірнеше нұсқасы.
Сондай-ақ бізде көтерме сатып алушыларға тиімді шарттар бар. Олар туралы толығырақ бізге телефон арқылы хабарласып біле аласыз. Ұйқыңызға ең жайлы нұсқаны таңдауға әрқашан көмектесуге дайынбыз!