Матрасқа арналған жасанды латекс: артықшылықтары мен кемшіліктері

Табиғи латекс Гевея деп аталатын каучук ағашының шырынынан жасалады. Табиғи латекс – танымал материал, алайда өндірісі де қымбат, бұл бұйымдардың бағасына әсер етеді. Жасанды латекс табиғи латексті жасанды толтырғышпен араластыру арқылы алынады. Мұндай толтырғыштардың ішіндегі ең танымалы – пенополиуретан. Ол дайын бұйымның құнын төмендетіп, оны сатып алушыларға қолжетімдірек етуге мүмкіндік береді.
Жасанды латекстің ерекшеліктері
Матрасқа арналған жасанды латекстің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Табиғи латекстің кемшілігі жоқтың қасы болса, синтетикалық латексте жағдай сәл өзгешелеу.
Артықшылықтары
- Синтетикалық латекстің бағасы табиғи латекстен әлдеқайда төмен;
- Ұяшықты құрылымының арқасында ауаның жақсы айналымын қамтамасыз етеді;
- Салқындату әсері бар;
- Айтарлықтай экологиялық, биологиялық жолмен ыдырайтын материал.
Кемшіліктері
- Оңай жыртылады. Табиғи латексте мұндай мәселе болмайды;
- Уақыт өте кеуіп кетуі мүмкін;
- Қызмет мерзімі табиғи латекстен қысқа.
Кемшіліктері болғанына қарамастан, сапалы өндірушіге жүгінсеңіз, латекс матрас – жеткілікті жақсы таңдау. Жасанды латекстен жасалған матрастардың пішінін ұстап тұруы оңай болғандықтан, олар серіппесіз шығарылады. Серіппесіз латекс матрас бұйымның ішіндегі сыну қаупінен сақтандырады.
Матрас күтімі
Латекс матрастар тыспен бірге келеді. Бұл бекер емес. Тыссыз қолданса, бұйым тезірек тозады. Сондай-ақ матрасты пайдалану ережелерінің ішінде оны мезгіл-мезгіл аударып тұру тармағын сақтау қажет. Мұны 2-3 айда бір рет жасаған жөн. Бұйымға күн сәулесінің тіке түсуіне жол бермеңіз, оған қоса оны жүйелі желдетіп тұру және суламауға тырысу керек.
Тысты жүйелі түрде тазалап тұру керек. Оның күтімі қандай материалдан тігілгеніне байланысты.
Қазақстандағы матрас дүкені әртүрлі баға санатындағы сапалы бұйымдардың кең таңдауын ұсынады. Сіз матрастар каталогын шолып, өзіңізге лайығын таба аласыз. Таңдау тым қиын болса, дүкен кеңесшілері ең қолайлы әрі сапалы тауарды таңдауға көмектеседі.