Диванға матрасты қалай және немен бекітуге болады

Бөлменің бәрі бірдей жеке кереует қоюға мүмкіндік бере бермейді. Мұндайда ұйқыға функционалды жиналмалы жиһазды пайдалануға тура келеді. Ұйықтайтын орынды қалай жайлы етіп ұйымдастыруға және матрасты диванға немен бекітуге болатынын білу қажет. Өйткені бекітудің кез келген тәсілі жарай бермейді.
Диванда ортопедиялық матрасты пайдалану ерекшеліктері
Бүгінде матрас дүкендері құрылымы, мақсаты, материалы, толтырғышы, функционалдығы және басқа да көптеген ерекшелігімен өзгешеленетін сан алуан үлгіні ұсынады. Диванға арналған, салауатты ұйқыны қамтамасыз етіп қана қоймай, жиһаздың бастапқы түрін де сақтайтын жеке бұйымдарды таңдау да қиын емес.
Диванда толыққанды ұйықтау үшін матрас сатып алып мынадай артықшылықтарға ие болған жөн:
- жайлылық пен ыңғайлылық;
- ұйқыға арналған тегіс бет;
- қаптаманы кірден қорғау;
- салауатты ұйқы мен жақсы көңіл күй;
- омыртқа проблемаларының дамуының алдын алу.
Алайда ортопедиялық матрасты сатып алу – мәселенің бір бөлігі ғана. Пайдалану кезінде ыңғайсыздық болмауы үшін оны диванға қалай орналастырып, бекіткен дұрыс екенін де ойластыру қажет. Сондай-ақ матрасты таза әрі ұқыпты ұстауға көмектесетін арнайы тыс туралы бірден қам жасаған жөн.
Матрасты диванға бекітудің тексерілген тәсілдері
Ұйқы кезінде сырғып не жылжып кетпеуі үшін матрасты диванға бекітудің көптеген жолы бар. Қолайлы тәсілді таңдағанда бекіткіштердің диван қаптамасын зақымдамауын қадағалау қажет. Ең оңтайлы да практикалық шешім – бекітуге арналған дайын аксессуарларды сатып алу: олар артық әуре мен күтпеген жағдайлардан құтқарады.
Тұтынушы мына тәсілдердің бірін қолдана алады:
- арнайы бекіткіштер мен қапсырмалар;
- матрастың бұрыштарына тігілетін жалпақ резеңкелер;
- жиегінде резеңкесі немесе ілмектері бар матрас қаптамалары;
- матрасты диван ламельдеріне бау және жіппен байлап бекіту;
- арнайы жабысқақ бекіткіштер;
- қолда бар түрлі құралдар – кеңсе қысқыштары, кір қыстырғыштар, пердеге арналған «крокодильчиктер» және т.б.
Матрассыз диванға жайманы қалай бекітуге болатынын білгіңіз келсе, дәл осындай құралдар қажетке жарайды. Кәдімгі жаймаларды диванға жоғарыда аталған тәсілдермен бекітуге болады. Керілмелі жаймалар әуел бастан тығыз керіліп, бекітілуге арналған. Матрастың заманауи үлгілері де диванға сенімді бекітуге мүмкіндік беретін бекітпелермен жабдықталады. Бұл уақыт пен күшті едәуір үнемдейді.