Матрасты қалай тиімді тазалауға болады

Тіпті Алматыдағы матрас дүкенінен сатып алынған ең үздік, ең сапалы модельдің өзі сегіз-он жылдай қызмет етеді. Ұйықтайтын орынды тазаламасаңыз, оның қызмет мерзімі бірнеше есе қысқарады. Матрасты үй жағдайында қалай жылдам тазалап, кез келген иіс пен дақтан құтылуға болатынын айтып береміз.
Төсекті материалына қарамастан жылына екі рет тазалау қажет. Мұқият тазалау 24 сағатқа дейін уақыт алады (күнге кептіруді қосқанда). Алматыдан сатып алған ортопедиялық матрасыңызды (модельдің маңызы жоқ) толық жалаңаштап, ақжаймаларын жуыңыз. Бұған наматрасник пен барлық тыстар да кіреді.
Шаңсорғышқа жиһаз қаптамасына арналған саптаманы кигізіп, тиісті тазалау режиміне ауыстырыңыз да, матрастың үстіңгі және бүйір жақтарын сорғызып шығыңыз. Бұл шаң кенелерінен құтылуға көмектеседі. Кілемге қолданылатын кәдімгі турбосаптама матрасты жылдам тазалауға тиімсіз, өйткені оны зақымдауы мүмкін.
Дақтардың басты себебі — сілекей мен тер. Ферментті тазартқыш құралдар сияқты қолайлы дақ кетіргішпен тазалауға болады, бірақ бөтелкенің артқы жағын қарап, таңдаған өнімнің төсекке қолдануға жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Бір кесе суға аздаған жұмсақ ыдыс жуғыш құрал қосу да матрасты тиімді тазалау мәселесін шешуге көмектеседі.
Матрастың құрғақ күйде қалуы маңызды, әсіресе ол көбік материалдан жасалған болса. Тазартқыш құралды дақтың үстіне тікелей бүркіп немесе жағып, абайлап сүртіп алыңыз. Материалға басып ысқыламаңыз және ылғалдың сіңіп қалуына жол бермеңіз. Дақ кеткенше осы қадамды қайталай беріңіз.
Кәдімгі құралдар дақты кетірмесе, ас содасын суық сумен араластырып паста жасаңыз да, дақ түскен жерге жағып, 30 минутқа қалдырыңыз. Ылғал шүберекпен сүртіп алыңыз, қажет болса қайталаңыз.
Дезинфекция жасауды да ұмытпаңыз. Бұл кез келген иістен құтылуға көмектеседі. Алдымен матрасты далаға, тік түскен күн сәулесінің астына шығарып көріңіз немесе жарық түсетін үлкен терезенің жанына қойыңыз. Бұл міндетті емес, бірақ ультракүлгін сәулелер материалды залалсыздандырады.
Матрастың бетіне ас содасын мол сеуіп, біраз уақытқа қалдырыңыз (ең жақсы нәтиже үшін 24 сағатқа қалдырған дұрыс). Күн бата бастағанда матрасты үйге кіргізуді ұмытпаңыз.
Матрасты тазалаудың негізгі қадамдары жасалғанымен, соданың қалдығын сорып алу үшін оны тағы бір рет шаңсорғышпен тазалаңыз, содан кейін жаңа жуылған наматрасник пен ақжайманы жабыңыз.