Ересек адамға матрас таңдау: негізгі критерийлер мен ұсыныстар

Адам өмірінің үштен бірі ұйқыда өтеді. Бұл ағзаның толыққанды демалуы, алдағы істерге жаңа қуат пен серпін алуы үшін қажет. Сондықтан ұйықтайтын орынды балаларға ғана емес, ересектерге де дұрыс таңдау аса маңызды. Бұл әсіресе дененің жайлы қалпын қамтамасыз етіп, мүсінге тікелей әсер ететін матрастарға қатысты. Тек дұрыс модельді таңдағанда ғана салауатты, тыныш әрі терең ұйқыға қол жеткізесіз.
Матрастар немен ерекшеленеді?
Нарықтың кеңеюі сан алуан ұйқы бұйымдарын ұсынатын көптеген жаңа өндірушінің пайда болуына әкеліп отыр. Ерекшелейтін параметрлер қатарында:
- бағасы;
- өлшемдері;
- максималды салмақ;
- қаттылығы;
- механизмі;
- толтырғышы;
- қосымша қасиеттері.
Адам төсекке матрас таңдағанда, бағасы да соңғы орында тұрмайды, бірақ кең ассортименттің арқасында кез келген бюджетке лайық бұйым табуға болады. Құны матрастың өлшеміне, материалдарына, олардың санына және басқа да техникалық сипаттамаларына қарай өзгереді.
Қатты ма, әлде жұмсақ па?
Матрастың қаттылығын таңдағанда адамдар әдетте өз қалауын, физиологиялық ерекшеліктерін, денсаулық жағдайы мен жасын басшылыққа алады. Өндірушілер қаттылықтың бес деңгейін ұсынады:
- төмен;
- орташадан төмен;
- орташа;
- орташадан жоғары;
- жоғары.
Қалай таңдап, ортопедиялық әсері бар матрасты сатып алуға болады? Бұйымның қаттылығын толтырғышы анықтайды. Табиғи қатты кокос койрасы да, серпімді инновациялық көбік те қолданылады – бұл жағынан шектеу жоқ, материал таңдауы жеткілікті. Пайдалану қасиеттерін жақсарту үшін бір матрастың құрамында бірнеше толтырғыш болуы мүмкін. Әдетте мұндай қасиет әр маусымға бейімделген екі жақты ортопедиялық матрастарға тән. Олар жыл мезгіліне қарамастан жайлы ұйқыны қамтамасыз ете алады.
Ал мінсіз қаттылықты қалай таңдауға болады? Бұл параметрге көптеген фактор әсер етеді: жасы, дене салмағы, адамның денсаулығы. Жоғары және орташадан жоғары қаттылық жаңа туған нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушылары орташа және орташадан жоғары қаттылықтағы модельдерде демала алады. Одан әрі физиологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, төмен қаттылық қолайлы болады. Ересектер әдетте өз сезімдеріне сүйенеді.