ТОП-10 — 50%-ға дейін жеңілдікТек 7 күн · 30 тамызға дейінСыйлыққа жастықКөру

Ұйқыға ең ыңғайлы матрасты таңдау

Ұйқыға ең ыңғайлы матрасты таңдау

Қазіргі өндірушілер матрастардың кең ассортиментін ұсынады. Таңдау кезінде қиналмас үшін олардың сипаттамалары мен түрлерін алдын ала зерттеп, дәл сіздің ұйқыңызға қай бұйым лайық екенін түсініп алған жөн. Көп жыл қызмет ететін сапалы матрасты сатып алу маңызды.

Баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы

Матрас аларда үнемдеймін деп үздік матрас үлгілерінен бас тарту денсаулық мәселелеріне себеп болуы мүмкін. Арзан матрастар анатомиялық ерекшеліктерді ескермейтін ескірген технологиялармен жасалады, бұл омыртқаның шиеленісуіне және тұрақты ауырсынуға әкеледі. Оның үстіне олардың төзімділігі де мәз емес. Арзан нұсқа бір жылға жетпей істен шығуы мүмкін, ал қымбаттауы 5 жылдан артық қызмет етеді. Дені сау адам қарапайым ортопедиялық матрасты орташа баға санатынан ала алады.

Балаға сау ұйқыны қалай қамтамасыз етуге болады?

Педиатрлардың ұсынысы бойынша жаңа туған нәрестелер мен үш жасқа дейінгі балалар кокос талшығы (койра) толтырғышы бар қатты төсекте ұйықтауы керек. Ол дұрыс ұйқыны қамтамасыз етіп, демалыс кезінде омыртқаға жүктеме түсірмейді. Бұл материал экологиялық таза, практикалық әрі төзімді. Ауа өткізіп, тез кебеді – нәрестелер үшін бұл өте маңызды. Үш жастан кейін орташа қаттылықтағы латекс жарайды. Балама ретінде серіппелі нұсқаны алуға болады, бірақ ол азырақ қызмет етеді.

Аллергиктерге арналған үздік матрастар

Табиғи толтырғыштар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін, сондықтан қауіптен аулақ болу үшін жасанды материалдарға тоқтаған дұрыс. Өз ыңғайыңыз үшін қарапайым құрылымды таңдаған жөн. Жоғары сапалы ұйқы бұйымдарында желдету қарастырылған, сондықтан зең пайда болмайды. Аллергияны тудыратын да – дәл осы зең мен микроскопиялық кенелер.

Омыртқасында мәселесі бар адамдарға арналған үлгілер

Тірек-қимыл аппаратының аурулары болса, ыңғайлы әрі жақсы матрас таңдауға жауапкершілікпен қарау қажет. Бел тұсында ауырсыну немесе жарық болса, жұмсақ не орташа қаттылықтағы үлгілерді таңдаған дұрыс. Омыртқаның жоғарғы бөлігі мен мойында мәселе болса, қатты нұсқаға тоқтаған жөн.Сатып алу кезінде күмәніңіз туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен немесе интернет-дүкен кеңесшісімен ақылдасуға болады. Бізден өз қалауыңызға қарай матрас сатып ала аласыз – тапсырысты жылдам жеткізіп береміз.