Матрасты күту

Матрастың қызмет ету мерзімі оны жасауда қолданылған блок түрі мен толтырғыштардың сапасына тікелей байланысты. Блок түріне қарай бұйымның қызмет мерзімін былайша анықтауға болады
- Тәуелді блок (bonnel) – 4 – 6 жылдан
- Тәуелсіз блок (Pocket Spring) – 8 – 14 жылдан
- Серіппесіз блок (Foam) – 15 жылдан 20 жылға дейін.
Матрастың мәлімделген қызмет мерзіміне жетуінің басты шарты – оған ұқыпты күтім жасау және дұрыс пайдалану.
Матрасыңыз ұзағырақ қызмет етуі үшін не істеу керек
Матрасқа сапалы негіз қамтамасыз етіңіз. Ламельдер қолданылған жағдайда олардың арасындағы саңылаудың ені 10 см-ден аспауы тиіс. Әйтпесе матрастың салбыраған жерлері пайда болып, соның салдарынан серіппелі блоктың бүтіндігі бұзылуы мүмкін. Матраста өткір бүгілістер мен майысулар болмауын қадағалау маңызды.
Жүктемені біркелкі бөліңіз. Матрасты сатып алғаннан кейін оны кемінде 2-3 айда 1 рет аударып тұру ұсынылады. Айта кету керек, матрасты «үсті-асты», «бас-аяқ» қағидасымен аудару қажет, сонда матрас бүкіл беті бойынша біркелкі отырады.
Матрасты желдетіп тұрыңыз. Матрасты сатып алғаннан кейін бірден оны 5-6 сағат бойы міндетті түрде желдетуді ұсынамыз: қабаттар арасын жалғайтын желім заттар өндірілген сәттен бастап 24 сағат ішінде толық ұшып бітеді. Кейін матрасты жылына 1 реттен асырмай 3-4 сағат желдету жеткілікті, бұл кезде матрас көлденең күйде жатуы тиіс, тік күн сәулесінің түсуінен сақтаңыз.
Пайдаланыңыз: наматрасник (топпер).Біздің модельдердің көпшілігінде жаккардтан немесе вискозадан тігілген алынбайтын сырылған қап бар. Материалдың өзі айтарлықтай берік болғанымен, оны өткір заттармен зақымдап алуға немесе тартылған жіптер қалдыруға болады, көбіне олар үй жануарларының тырнағынан пайда болады. Біз наматрасник немесе топпер сатып алуды ұсынамыз – бұл матрастың тез ластануынан, дақтардың пайда болуынан сақтап, бетінің механикалық тозуын азайтады. Наматрасникті шешу де, тазалау да оңай.
Матрасты кірден тазалап тұрыңыз. Матрастың бетін сабынды су мен губканы пайдаланып өзіңіз тазалай аласыз. Аздап су жағылған губкамен матрастың бетін бірте-бірте өңдеңіз. Ал матрасты жай ғана шаңнан тазартқыңыз келсе, бетін жұмсақ щеткамен мұқият жүріп шығыңыз.
Матрасқа не істеуге БОЛМАЙДЫ
Серіппелі матрасты орау, бүгу, қайыру. Кокос койрасы, латекс немесе поролон мұндай деформацияны бүтіндігіне айтарлықтай зиянсыз көтере алатын серіппесіз матрастардан айырмашылығы – серіппелі блок мұндайда істен шығады десе де болады. Бүгілістер серіппелі блокта жергілікті кернеу тудырып, оның бұзылуына немесе орны толмас ауыр деформациясына әкеледі, нәтижесінде қуыстар, қаттылығы төмен жерлер немесе салбыраған тұстар пайда болады.
Қабы бар матрастың қабын шешіп жуу. Жақсы қонып тұрған матрас қабын шешу оңай шаруа емес, оның үстіне жуғаннан кейін мата әдетте аздап отырады, сондықтан оны қайта кигізу едәуір қиынға соғады. Қап кірлеп қалса, оны химиялық тазалауға берген дұрыс.
Матрасты қағу. Матрас шаң болса, оны шаңсорғышпен сорғызып, жұмсақ қылшықты щеткамен шаңын кетіру жеткілікті
Матрасты күшті химиямен тазалау. Күшті химиялық құралдарды қолданудан матрастың табиғи немесе жасанды матасы қатты зардап шегуі мүмкін, кейін бұл матрастан жағымсыз химиялық иіс шығуына себеп болады.
Сұйықтық төгілуіне жол беру. Матрастың матасы пішінін жоғалтып, салбырап кетуі мүмкін, оған қоса дақтар пайда болуы ықтимал. Матрастың ішінде бактериялар, тіпті паразиттер тез өсіп-өне бастайды.
Кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып фирмалық заттаңбаларды кесу және орамды тастау. Кепілдік жағдайы туындағанда біз сізден бас тартуға құқылымыз, себебі кепілдік беру шарттары сақталмаған және барлық танушы заттаңбалар жойылған.
Матрасқа шамадан тыс жүктеме түсіру. Матрастардың үстінде секіруге немесе оларға ауыр заттар қоюға мүлдем кеңес бермейміз, әсіресе bonnel тәуелді серіппелі блогы бар матрастарға. Жиі әрі қатты әсер етуден матрастың серіппелері орны толмастай деформацияланады да, бұйым істен шығып, белгіленген мерзімінен әлдеқайда ерте жарамсыз болып қалады.
Матрастың астына бөгде заттар қою. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жайлылық қоспайды, оның үстіне сіз матрасқа екі жақтан жергілікті әсер етесіз, ал бұл блокты зақымдап, матраста «шұңқырлардың» пайда болуына себеп болуы мүмкін.