Наматрасникті қалай тігуге болады?

Наматрасниктер – төсек орнының маңызды бөлігі. Олар матрасқа ылғалдың, шаң мен кірдің түсуіне жол бермейді. Бұйымдар резеңке немесе сыдырма арқылы бекітіледі. Мұндай мата бұйымдарын сатып алуға да, өз бетінше тігуге де болады.
Өз күшіңізбен қап-наматрасник немесе жұқа төсем тігуге болады, өйткені топперлер күрделірек материалдардан жасалады және оларды өндіру үшін қосымша құралдар, тіпті техника қажет.
Қапқа синтетикалық маталарды да, табиғи маталарды да қолдануға болады. Оларды күту, жуу оңай, ал уақытылы тазалап тұрса, бұйымдар ұзақ уақыт қызмет ете алады.
Өз қолыңызбен тігілген наматрасник
Ылғалдан қорғайтын наматрасниктерге махра матасы қажет. Сырылған бұйымдарды синтепоннан, жүннен немесе флистен жасауға болады. Жылы мезгілге жібек таңдаған жөн.
Жұмыс кезеңдері:
● матрастың енін және ұзындығын өлшеп, қағазға пішін жасау және бөлшектерді дайындау;
● көп қабатты наматрасниктің бөлшектерін дұрыс ретпен жинау;
● ені дұрыс резеңкелерді дайындау;
● резеңкелерді бұйымның бұрыштарына түйреп бекіту;
● жиектерін өңдеу;
● лентаны тігіп қою.
Есте болсын: резеңкенің ені матрасыңыздың көлеміне байланысты, матрас неғұрлым биік болса, резеңкені соғұрлым кеңірек алған жөн.
Көп қабатты наматрасниктер пішінін жақсырақ сақтайды, қорғаныш қасиеттері күштірек, жиырылмайды және ұзақ қызмет етеді. Жібек тәрізді тегіс маталармен жұмыс істесеңіз, мұқияттау болған жөн, себебі мата нәзіктеу келеді. Мұндай материалдарда төсек-орын сырғанап кетуі мүмкін. Наматрасник жасағанда бұл сәтті де ескерген жөн.