ТОП-10 — 50%-ға дейін жеңілдікТек 7 күн · 30 тамызға дейінСыйлыққа жастықКөру

Матрастың биіктігін қалай таңдау керек?

Матрастың биіктігін қалай таңдау керек?

Матрастың дұрыс биіктігін таңдау мәселесі оның сапалық сипаттамаларынан еш кем түспейді. Бұл көрсеткіштің мінсіз өлшемін белгілейтін абсолютті регламент жоқ. Дегенмен ересек пен балаға, омыртқа тұсында проблемасы бар адамдарға матрас биіктігі қажеттіліктеріне сай болуы тиіс.

Біздің интернет-дүкен ұйқыға арналған өнімдердің үлкен таңдауын ұсынады. Сайттан қасиеттері мен сипаттамалары әртүрлі бұйымдарды тауып, матрас сатып алуға болады. Ұсыныстар арасында қаттылығы әртүрлі бұйымдар бар. Омыртқа тұсының ауыруынан зардап шегетін адамдар тиімді бағамен ортопедиялық матрастарды сатып ала алады.

Бұйымның дұрыс биіктігі деген не

Ұйқыға арналған бұйымдардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – матрастың биіктігі. Оны барынша дәл анықтау бірнеше шешуші мәнге байланысты:

  • пайдаланылатын жиһаздың түрі мен өлшемі;
  • толтырғыш;
  • бұйымның өз түрі;
  • матрас алынып жатқан адамның жасы мен дене ерекшеліктері.

Матрас биіктігі нақты қандай болуы керегін кесіп айту қиын, бірақ таңдауға мұқият қараған жөн. Дұрыс таңдалмаған бұйым ұйқы сапасына кері әсер етіп, кей жағдайда денсаулыққа да теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Түріне қарай матрастардың қалыңдығы

Негізінен бұйымның қалыңдығы оның түріне байланысты. Ұйқыға арналған классикалық өнімнің орташа, яғни оңтайлы көрсеткіші – 15-25 см. Жалпы алғанда, қалыңдық 5 см-ден басталып, кей жағдайда 50 см-ге дейін жетеді. Түріне қарай матрас биіктігі қандай болуы керегін қарастырайық.

Ортопедиялық бұйымдар өзінің ерекше құрылысымен дараланады. Олардың құрылымы мен толтырғыштары – басты құраушылар, себебі бүкіл омыртқаға тірек қызметін атқарады. Бұл матрастарда бұйымның жалпы өлшемі емес, белгілі бір қабаттардың қалыңдығы маңызды, сондықтан орташа көрсеткіш 8-10 см болуы тиіс.

Серіппесі бар матрастың оңтайлы биіктігі – 18-24 см. Серіппесіз модельдер шөгіп кетпес үшін 20 см-ден аспайтын етіп таңдалады. Екі жағдайда да бұйымға қаттылықты койра қабаты береді. Айта кетейік, топперлер де бар. Бұл бұйымда ортопедиялық қасиет жоқ, оның қалыңдығы шамамен 7 см болады.

Тағы бір сұрақ қалды – матрасымен қоса кереует биіктігі қандай болуы керек. Ең мінсіз көрсеткіш – бұйымның кереует ернеуінен (царгадан) шамамен 5 см биік тұруы.

Өндіруші өнімнің өлшемдері мен қасиеттерін әрқашан көрсетеді және сатып алу кезінде сұранысыңызға барынша сай матрас биіктігін қалай таңдау керек деген сұраққа көмектеседі.