Жазғы демалыс: салқын ұйқыға арналған жеңіл матрастар

Ыстық ауа райындағы тыныш ұйқы –адам денсаулығының маңызды құрамдасы. Соның арқасындаадамдар тыңайып, көтеріңкі көңіл-күймен оянады. Салқын матрас сатып алсаңыз, қалаған нәтижеге қол жеткізе аласыз. Мұндай бұйымдар жайлылықты бағалайтын адамдарға арналған. Жазға арналған матрастар жұқа, ауа өткізетін мақта материалынан жасалады. Оларды жасау кезінде серпімділік, жүктеме және қаттылық ескеріледі.
Ортопедиялық матрастың ерекшеліктері
Жазғы маусымға арналған ортопедиялық матрастардың өз ерекшеліктері бар. Олар мына шикізаттан жасалуы мүмкін:
- көбіктендірілген табиғи және синтетикалық материалдардан;
- престелген әрі өзара өрілген өсімдік талшықтарынан;
- термокиізден, поролоннан.
Матрастардың барлық түрінің өз жақсы қасиеттері бар, сатып алар алдында соларға назар аударған жөн. Матрас сатып алу алдында барлық егжей-тегжейді нақтылап алу қажет: диванның немесе кереуеттің өлшемін, қажетті биіктікті. Сарапшылар h мәні 3 см-ден 6 см-ге дейінгі матрасты таңдауға кеңес береді.
Жұқа матрастарға арналған толтырғыш түрлері
Көбіктендірілген латекс икемділігімен, серпімділігімен және адам денесіне бейімделу қабілетімен ерекшеленеді. Бұл — кеуекті, иілгіш материал. Ол табиғи шикізаттан өндіріледі, сондықтан гипоаллергенді қасиетке ие. Латекс жұмсақтық береді және бұйымның қызмет мерзімін ұзартады. Пенополиуретанның тығыздығы әртүрлі болады: орташажұмсақ және орташақатты.
Струттофайберден жасалған салқын матрас орташа қаттылығымен ерекшеленеді. Ондағы өрілген талшықтар жақсы желдетіледі, сондықтан шаң кенелері жайламайды. Жазғы матрастың бұл түрі гипоаллергенді қасиетке ие.
Пальма койрасы –төсек орнының қаттылығын қамтамасыз ететін материал. Бұл — ең қатты толтырғыш. Ол кокос жаңғағы талшықтарын престеу арқылы жасалады. Алынған материал тамаша желдетіледі, ылғал тартпайды, ұзақ уақыт қызмет етеді.
Салқын ортопедиялық матрастар мемористен жасалады. Толтырғыш адам денесінің салмағы әсерінен өз қасиеттерін өзгертеді. Бұл ерекшелік материалға дене пішінін қайталауға мүмкіндік береді, соның арқасында дене толық босаңсиды. Меморикс омыртқаны тиімді қолдайды. Өндірушілер шикізатпен тәжірибе жасап, жұқа матрастардың сапасын жақсарта түсуде.
Матрастар дүкені ыстық ауа райына арналған топперлердің кең ассортиментін ұсынады. Тауарға тапсырысты «Мир матрасов» сайтында өтінім рәсімдеу арқылы немесе көрсетілген телефон нөмірі бойынша беруге болады.