Ортопедиялық матрастың анатомиялық матрастан айырмашылығы неде

Ұйқыға жайлы матрас таңдағанда сатып алушылардың көбі кәдімгі серіппелі үлгілерден бас тартып, жаңа модельдерге басымдық беріп жүр. Дүкендер ассортиментінде «анатомиялық» және «ортопедиялық» деп аталатын үлгілер кездеседі. Бұл екеуі бір нәрсе деп есептеуге бола ма? Ортопедиялық матрастың анатомиялық матрастан айырмашылығы неде?
Ортопедиялық және анатомиялық матрас: айырмашылығы неде?
Анатомиялық және ортопедиялық үлгілердің түбегейлі айырмашылығы – қолданылу мақсатында. Мәселен, анатомиялық матрас дене ерекшеліктеріне бейімделіп, оған барынша жайлылық сыйлайды. Мұндай үлгілерде тәуелсіз серіппелер, сондай-ақ серпімді толтырғыштар – латекс, струттофайбер, мемори-фоам қолданылады.
Ортопедиялық матрас медициналық бұйымдарға теңестіріледі. Тірек-қимыл аппаратында проблема болса, оны емдеуші дәрігердің ұсынысымен таңдаған дұрыс. Ортопедиялық матрастар анатомиялық үлгілерден қаттырақ. Мұның себебі – бұйымның міндеті омыртқаны қолдау.
Айта кетейік, қазір бірқатар өндіруші ортопедиялық әсері бар анатомиялық үлгілерді ұсынады. Бәлкім, дәл осы себептен көп сатып алушы бұл терминдерді шатастырады немесе әңгіме бір бұйым туралы деп ойлайды. Сондықтан матрас таңдамас бұрын нақты қандай әсерге қол жеткізгіңіз келетінін, омыртқаға қосымша қолдау қажет пе – соны анықтап алу керек.
Алматыдағы матрас дүкені: біз не ұсынамыз?
Біздің матрастар интернет-дүкенінен сенімді өндірушілердің ортопедиялық матрастарының үлкен таңдауын табасыз. Ассортиментте түрлі үлгілер бар, соның ішінде тірек-қимыл аппаратында проблемасы бар адамдарға қолайлылары да табылады. 8 жыл жұмыс ішінде біз клиенттерге бірінші дәрежелі сервис жүйесін құрып, олардың сеніміне ие болдық.
Дүкеніміз ынтымақтастықтың мынадай артықшылықтарын ұсынады:
- Дүкеннің барлық ассортиментіне қолжетімді бағалар.
- Матрас үлгісін таңдауда кеңесшілеріміздің көмегі.
- Ұйқыға арналған аксессуарларды тапсырыспен жасау мүмкіндігі.
- Тапсырысты жылдам өңдеу.
- Жедел жеткізу.
- Төлемнің бірнеше нұсқасы.
Сондай-ақ бізде көтерме сатып алушыларға тиімді шарттар бар. Олар туралы толығырақ бізге телефон арқылы хабарласып біле аласыз. Алматыда ортопедиялық матрас сатып алу үшін керек тауарды сайттағы себетке қосып, байланыс деректеріңізді көрсетіңіз. Толық мәліметтерді нақтылау үшін дүкеннің таяудағы жұмыс уақытында сізбен өзіміз хабарласамыз.