Ортопедиялық матрас неден жасалған

Ортопедиялық матрастар кең танымалдыққа ие болды және оны көп жылдан бері жоғалтқан емес. Бірақ сатып алушылардың көбі ортопедиялық матрастың неден жасалғанын ойлана бермейді. Оның құрылымында дененің барынша табиғи қалпын сақтап тұруға мүмкіндік беретін қандай ерекшелік бар?
Ортопедиялық матрастар неден жасалады
Ортопедиялық матрастардың құрылымы көпқабатты, көздеген нәтижеге дәл осының арқасында қол жеткізіледі. Бұл құрылымның әр құрамдасы түпкі нәтижеге – дененің анатомиялық дұрыс қалыпта ұсталуына – өз үлесін қосады.
Өндірушілер серіппелі де, серіппесіз де ортопедиялық матрастар ұсынады. Біріншілерінде арнайы серіппе блогы бар, ал екіншілерінің қаңқасы латекстен немесе пенополиуретаннан жасалады. Латекс серпімділігімен, жоғары тығыздығымен және ылғалды сыртқа шығару қабілетімен ерекшеленеді. Пенополиуретан матрасты жұмсақ әрі сонымен бірге тығыз етеді, гипоаллергенді материалдарға жатады.
Егер ортопедиялық матраста серіппелер болса, көбіне бұл – бір топқа біріктірілген тұтас блок емес, тәуелсіз серіппелер. Мұндай құрылым дене салмағын біркелкі бөліп, жақсы тірек болуға мүмкіндік береді. Матрастың үстіңгі қабаты әдетте механикалық жүктемеге төзімді әрі берік материалдан жасалады. Ол үнемі қолданудан тозбайды, жыртылмайды және жарамсыз болып қалмайды.
Алматыда ортопедиялық матрас сатып алу
Алматыдағы матрас дүкені жайлы да сапалы ортопедиялық матрастар ұсынады. Бізден ұйқыңызды жайлы, терең және сау ететін дүниені табасыз. Ассортиментте тірек-қимыл аппаратының ауруларынан зардап шегетін адамдарға арналған модельдерді де таңдауға болады. 8 жыл жұмыс ішінде біз клиенттерге бірінші сыныпты сервис жүйесін құрып, олардың сеніміне ие болдық.
Біздің дүкен барлық сатып алушыға мынадай артықшылықтар ұсынады:
- Дүкеннің бүкіл ассортиментіне қолайлы бағалар.
- Матрас моделін таңдауда кеңесшілеріміздің көмегі.
- Ұйқы аксессуарларын тапсырыспен жасату мүмкіндігі.
- Тапсырысты жылдам өңдеу.
- Жедел жеткізу.
- Төлемнің бірнеше нұсқасы.
Сондай-ақ бізде көтерме сатып алушыларға арналған тиімді шарттар бар. Олар туралы толығырақ телефон арқылы хабарласып біле аласыз. Сау ұйқыға ең жайлы нұсқаны таңдауға әрқашан көмектесуге дайынбыз!