ТОП-10 — 50%-ға дейін жеңілдікТек 7 күн · 30 тамызға дейінСыйлыққа жастықКөру

Арқасы ауыратын адамға матрасты қалай дұрыс таңдау керек

Арқасы ауыратын адамға матрасты қалай дұрыс таңдау керек

Омыртқа тұсында мәселе болса, лайық матрас таңдауда дәрігердің нұсқауына сүйенген жөн. Дегенмен жалпы ұсыныстар да бар. Есте ұстайтын маңызды жайт: емдік әсері бар анатомиялық модель – кешенді терапияның құрамына кіретін қосалқы емдеу әдісі ғана.

Интернет-дүкеніміздің каталогында омыртқаның әртүрлі бөлігі ауыратын адамдарға лайық түрлі модельдер бар. Денсаулыққа қатысты мәселелерді жеңілдетуде тамаша шешім болатын матрас сатып алуға болады. Анатомиялық модельдер классикалық нұсқалардан ерекшеленеді, бірақ олар дені сау адамдарға да жарайды. Сайтымызда бұйымдардың қасиеті мен сапасы туралы кеңес алып, ортопедиялық матрасты тиімді бағамен сатып ала аласыз.

Таңдау ерекшеліктері

Омыртқаның түрлі патологиясы бар адамдарға матрасты ағза ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып таңдау ұсынылады. Арқаның белгілі бір аурулары демалудың өзіне тән қалыптарын талап етеді, бұйым материалдарына да талаптар қойылады. Демалушының жайлылығы мен жалпы көңіл күйі осыған байланысты. Арқасы ауыратын адамға арналған матрас мына қосымша критерийлерге де сай болуы керек:

  • ағза ерекшеліктері (салмағы, дене ені);
  • жас көрсеткіштері;
  • пайдалану қарқыны;
  • екі кісілік нұсқада – салмақ айырмашылығы.

Арқасы ауыратын адамға қай матрас лайық екенін шешкенде, барлық нюансты ескерген жөн.

Ортопедиялық матрас қандай жағдайда таңдалады

Омыртқада мәселе болса, арқасы ауыратын адамға ең жақсысы – бұйымның ортопедиялық нұсқасы. Мұндай бұйымдар сколиоз, радикулит, диск жарығы кезінде, хирургиялық араласудан кейінгі оңалту кезеңінде және себебі белгісіз ауырсынуларда пайдалы. Патологияның сипаты ұйықтайтын орынға қойылатын талапты айқындайды, сондықтан арқасы ауыратын адамға ортопедиялық матрас аса мұқият таңдалады.

Есіңізде болсын: тым қатты модельдер дененің табиғи пішінін қабылдамайтындықтан, дискомфортты күшейтеді. Арқасы ауыратын адамға матрасты қалай таңдаймын десеңіз, тым жұмсақ бұйымдардан да бас тартқан жөн. Мәселесі бар ағзаға олар да пайда мен жайлылық әкелмейді.

Арқасы ауыратын адамға матрасты дұрыс таңдай білсеңіз де, оның толыққанды медициналық көмекті алмастырмайтынын ұмытпаңыз. Таңдауыңызды емдік әсері және сапалы толтырғышы бар классикалық модельдерге тоқтатыңыз.