ТОП-10 — 50%-ға дейін жеңілдікТек 7 күн · 30 тамызға дейінСыйлыққа жастықКөру

Дұрыс жастық сау ұйқыға неге соншалықты маңызды

Дұрыс жастық сау ұйқыға неге соншалықты маңызды

Сау ұйқы адамның жалпы саулығында шешуші рөл атқарады. Алайда ұйқы сапасына әсер ететін факторлар туралы сөз болғанда, ең алдымен матрас пен төсек-орын жабдықтарына назар аударылады да, жастықтың сау ұйқы үшін қаншалықты маңызды екені толық ескерілмей қалады.

Сау ұйқыны қамтамасыз етуде жастықтың рөлі қандай

Ұйқы кезінде мойын мен басты дұрыс қалыпта ұстауда жастық шешуші рөл атқарады. Дұрыс таңдалған жастық мойын омыртқаларының бейтарап қалпын сақтауы тиіс — бұл мойын мен арқадағы ауырсынудың алдын алуға көмектеседі. Жастық тым биік немесе тым аласа болса, бұлшықеттерге күш түсіріп, сол арқылы ауырсыну тудырады.

Аллергияға қарсы қасиеті бар сапалы жастық аллергиялық реакциялардың да алдын алуға көмектеседі. Кәдімгі жастықтарда үй кенелері мен басқа да аллергендер кездесуі мүмкін: олар мұрынның бітелуін, түшкіру мен жөтелді тудырады. Аллергияға қарсы жастықтар аллергендердің көбеюіне жол бермейтін материалдардан жасалады, сондықтан ұйқы анағұрлым сау болады.

Ұйқы кезінде бас пен мойын дұрыс қалыпта болса, ұйқы тереңірек әрі сапалырақ болады. Таңертең тың әрі сергек оянып, жаңа күнге дайын тұрасыз. 

Ұйқының жеткіліксіздігі бірқатар елеулі денсаулық мәселелерін тудырады:

  • естің нашарлауы;
  • зейіннің төмендеуі 
  • бас ауруы

Мұның бәрі өмір сапасын қатты төмендетіп, толыққанды жұмыс істеуге де, демалуға да кедергі келтіреді.

Жастық таңдау критерийлері

Жастық сатып алуға бел бусаңыз, ең алдымен бұйымның түрін анықтап алған жөн. Жастықтардың мынадай түрлері бар: 

  • пенополиуретан; 
  • мамық; 
  • ортопедиялық. 

«Сау ұйқыға қандай жастық жақсы?» деген сұрақтың әмбебап жауабы жоқ. Өз қалауыңыз бен ағзаңыздың жеке ерекшеліктеріне қарап таңдаған дұрыс. Аллергиядан немесе мойын ауырсынуынан зардап шексеңіз, жастық сатып алар алдында ортопед дәрігермен кеңескен жөн.

Сондай-ақ матрастар дүкеніне барғанда өндірушіге назар аударыңыз. Өнімінің сапасына кепілдік беретін белгілі өндірушілердің бұйымдарын алған абзал. Жастық қандай да бір себеппен жақпай қалса, көп дүкенде кепілдік мерзімі ішінде тауарды ауыстырып алуға болады.

Бір жастықта тым ұзақ ұйықтау ұсынылмайды. Мамандардың көпшілігі оны 2 жыл сайын, әрі кеткенде 4 жылда бір рет ауыстыру керек деп есептейді.