Матрасты қалай жұмсартуға болады

Уақыт өте келе сізге матрастың жұмсақтығын өзгерту қажет болуы мүмкін. Жұмсақ жаққа ма, қатты жаққа ма – онша маңызды емес. Қалауыңыз бен қажеттілігіңізге қарай матрасты қалай жұмсартуға болатынын білгеніңіз жөн.
Қандай матрас жақсы
Қатты матрас жақсы ма, жұмсағы ма – бұл жеке қалауға және ұсыныстарға байланысты. Матрасты сатып алған кезбен салыстырғанда айтарлықтай арықтаған болсаңыз, сізге, бәлкім, жұмсақтау матрас қажет болады. Ал керісінше болса – қаттысы.
Қатты және жұмсақ матрастар әртүрлі жағдайға бірдей жақсы. Матрасты ауыстырғыңыз келмесе, бірақ ол сізге әуел бастан тым қатты болса, заңды сұрақ туындауы мүмкін: «Қатты матрас уақыт өте жұмсара ма?». Бұл матрастың құрамына кіретін материалға байланысты. Матрасыңыздың мұндай өзгерісті көтере алатын-алмайтынын білу үшін дүкенде сатып аларда кеңесшіден сұраңыз немесе матрасыңыздың материалы туралы ақпаратты интернеттен іздеңіз.
Қаттылықты қалай өзгертуге болады
Сатып алынған дайын матрастың қаттылығы топпер арқылы өзгертіледі. Бұл – қалыңдығы әдетте 4-тен 10 см-ге дейін болатын жұқа қосымша матрас. Оны бар матрастың үстіне салады. Қаттылықты түзету үшін қажетті параметрді дәл топпердің өзінен таңдау керек. Матрасты жұмсарту үшін сізге, сірә, жұмсақ немесе орташа жұмсақ қаттылық түрі қажет болады. Ал керісінше, оны қатайту үшін жоғары немесе орташа қаттылықтағы топпер сатып алыңыз.
Қаттылықты түзету үшін наматрасникті де пайдалануға болады. Бұл – кәдімгі матрастың үстінен кигізілетін қап. Өндірушілер бұл бұйымға қаттылық деңгейін көрсетпейді, сондықтан олар не жай жұмсақ, не жай қатты болады. Мамандар салмағы артық адамдарға қатты матрасты түзету үшін наматрасник қолдануды ұсынбайды.
Матрастың қаттылығын өзгертуге арналған құралдарды Қазақстандағы матрас дүкенінен сатып ала аласыз. Ескісінің орнына бәрібір жаңа матрас сатып алған дұрыс деп шешсеңіз, дүкен менеджерлері сізге қолжетімді модельдер, өлшемдер мен олардың қаттылығы жөнінде кеңес береді. Сондай-ақ матрастың материалына, толтырғышы мен тысына назар аударыңыз. Тірек-қимыл аппаратына қатысты қандай да бір ауруларыңыз болса, матрастың қаттылығын өзгертпес бұрын емдеуші дәрігермен ақылдасқан жөн.