ТОП-10 — 50%-ға дейін жеңілдікТек 7 күн · 30 тамызға дейінСыйлыққа жастықКөру

Ұйқыдан кейінгі стресс: себебі неде және одан қалай арылуға болады

Ұйқыдан кейінгі стресс: себебі неде және одан қалай арылуға болады

Ұйқы – адамға еңбек күнінен кейін демалып, күш жинауға мүмкіндік беретін ағза күйі. Тұрақты қалпына келудің арқасында адам өзін жақсы сезінеді. Денсаулық мықты болуы үшін тәулігіне кемінде 8 сағат ұйықтау ұсынылады. Ұйқы сапасының төмендеуі көңіл-күйдің нашарлауына және стрестің пайда болуына әкеледі.Матрас дүкенітиімді демалуға септігін тигізетін тауарларды сатып алуды ұсынады.

Ұйқы неге бұзылады?

Стресс пен бұзылған ұйқы орталық жүйке жүйесінің денсаулығына қауіпті. Адам физиологиялық және психикалық патологиялардан зардап шегеді. Түнгі демалыс сапасы түрлі себептермен бұзылады.

Ұйқы алдындағы стресс адамға кері әсер етеді: ол ұзақ ұйықтай алмайды және түнде жиі оянады. Жиі қайталанатын ұйқысыздық денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Ұйқының қанбауы ағзаның бейімделу тетіктерінің сарқылуына соқтырады. Науқаста мынадай өзгерістер байқалады:

  • есте сақтау қабілеті нашарлайды;
  • иммунитет төмендейді;
  • шаршағыштық артады;
  • жүрек соғысы бұзылады;
  • қан тамырларына қатысты проблемалар пайда болады.

Ұйқыдан кейінгі стресс ағзадағы бірқатар өзгерістермен білінеді. Науқастың тәбеті артып, гормондар белсенділігі төмендейді. Адам секем алғыш болады. Терең ұйқы –стрестің табиғи тежегіші. Ол миға үрейден арылуға мүмкіндік береді. Егер ыңғайлы матрас сатып алсаңызжәне жайлы жастық таңдасаңыз, ұйқыны жақсартып, стрестен арылуға болады.

Стресс ұйқы сапасына қалай әсер етеді

Ұйқы бұзылған кезде ағза қалпына келмейді. Ұйқының қанбауы көңіл-күй мен зейінге әсер етеді. Жаман ойлар ұйықтатпайды. Жағдайды жақсартуға көмектесетіні – медитация, кітап оқу немесе басқа да босаңсу рәсімі. Ұйқы кезіндегі стресті ыңғайсыз төсек немесе бөгде шу (қорыл) тудыруы мүмкін. Тым жұмсақ матрас пен үлкен жастық демалыс сапасына әсер етеді. Мұндай «демалыстан» кейін жиі бұлшықет ауырады.Біздің ортопедиялық матрастарымызмықты ұйқыға кепілдік береді. Салауатты демалысқа қолайлы ауа температурасы –18°. Бұл кезде ұйықтау жеңіл.

Стрестен кейін ұйқыны қалай қалпына келтіруге болады?

Сарапшылар стрестен кейін ұйқыны қалпына келтіру жөнінде кеңес береді.

  1. Стресс тудыратын факторларды алып тастаңыз.
  2. Жағымсыз естеліктерді жатын бөлмеден тыс қалдырыңыз.
  3. Телефонды өшіріңіз.
  4. Ортаңызды өзгертіңіз.
  5. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.
  6. Күн тәртібін сақтаңыз.
  7. Кофеиннен бас тартыңыз.

Ыңғайсыз матрас пен дұрыс таңдалмаған жастық ұйқысыздықты жеңуге көмектеспейді. Керемет демалысқа арналған бұйымдарды «Мир матрасов» интернет-дүкенінен сатып алуға болады. Тапсырысты өтінім рәсімдеу арқылы беріңіз немесе көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.