Салауатты ұйқы: матрас ұйқысыздықты жеңуге қалай көмектеседі

Ұйқысыздық мазалайтын болса, бұған матрастың да қатысы аз емес. Ұйықтап кете алмау мәселесі жиі кездеседі. Оның себебі көбіне дененің ыңғайсыз қалпында жатыр. Ұйқы терең болып, түн ортасында оянбау үшін жайлы матрастың қамын ойлау керек. Ол – толыққанды демалыс онсыз мүмкін болмайтын басты «іргетас».
Ұйқысыздыққа қарсы матрас: қалай дұрыс таңдау керек?
Қолайлы матрас таңдағанда бұйымның өлшеміне ғана назар аудармаңыз. Жайлылықтың маңызды өлшемшарттары мыналар:
- Қаттылық деңгейі. Ол денеңіздің қажеттілігіне сай, өзіңізге ыңғайлы болуы тиіс. Тірек-қимыл аппаратының аурулары болса, алдымен маманмен кеңескен дұрыс.
- Серіппелер. Олардың тәуелсіз болғаны жөн: сонда уақыт өте құрылымның ортасы майысып кететін «гамак» әсері болмайды.
- Материал. Теріге дем алуға мүмкіндік беретін табиғи материалдарды таңдаңыз. Олар ылғалды да сыртқа шығарады, бұл әсіресе жаз мезгілінде маңызды. Аллергия болса, гипоаллергенді немесе антибактериялық сіңірмесі бар материалдарды таңдаңыз.
- Пайдаланушының салмағы. Ол бұйым есептелген салмаққа сай болуы керек. Салмақ белгіленген шектен асса, тіпті ең сапалы матрастың өзі міндетін атқара алмайды.
Тіпті ең сапалы матрастың өзі ерте ме, кеш пе тозады. Ал мұндай бұйым ұйқы кезінде ыңғайсыздық көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан ескі ортопедиялық матрасты уақытында жаңасына ауыстыру қажет.
Ортопедиялық матрастар – онлайн сатып алу
Біздің матрас дүкені сатып алушыларға ұйқыға арналған сапалы бұйымдардың үлкен таңдауын ұсынады. Ассортименттен демалысты сау әрі жайлы ететіннің бәрін табуға болады. Қайсысы керегін білмесеңіз, лайықты модельді таңдауға көмектесеміз. Дүкен әр бұйымның жоғары сапасына кепілдік береді, мұны көптеген сатып алушы растайды!
Біздің дүкеннен матрас сатып алудың тиімді тұстары:
- әр клиентке жеке көзқарас.
- матрасты тапсырыспен жасату мүмкіндігі.
- өз фабрикалық өндірісіміз.
- жоғары сапа.
- көтерме тапсырыс берушілерге тиімді шарттар.
- Алматы қаласы бойынша тегін жеткізу.
- төлемнің бірнеше нұсқасы.
Тапсырыс беру үшін сайттағы «себетті» пайдаланыңыз немесе бізге қоңырау шалыңыз! Сайт арқылы тапсырысты кез келген ыңғайлы уақытта рәсімдеуге болады. Сатып алу егжей-тегжейін нақтылау үшін жақын жұмыс сағаттарында сізбен хабарласамыз.