Мойын остеохондрозында ортопедиялық жастықты қалай таңдау керек

Ортопедиялық жастық – ұйқы кезінде остеохондроз белгілерін басатын бұйым. Мойын остеохондрозында жастық жайсыздықтан, ауырсынудан, бас айналудан құтылуға көмектеседі. Матрас дүкенінде ұйқы аксессуарларының кең ассортименті ұсынылған.
Түрлері
Мойын остеохондрозында ұйқыға дұрыс таңдалған ортопедиялық жастық денені босаңсытып, жайсыздық белгілерін жояды. Дерттен арылу мәселеге кешенді қарағанда ғана мүмкін – бұл гимнастика, массаж және валик. Төсеніш омыртқаларды табиғи қалпында ұстайды, соның арқасында қан айналымы қалыпты жүріп, дене босаңсып, тынығады.
Емдік төсеніш 2 түрде шығарылады:
- валик;
- рогалик.
Рогалик омыртқаларды бекітеді және шалқадан ұйықтауға немесе көлікпен сапар шегуге қолайлы. Тікбұрышты жастық 2 түрде жасалады. Бірінші нұсқада дөңес бөліктер бұрыштарында орналасып, ортасында ойыс болады; екіншісінде дөңес ортасында, ал бүйірлерінде ойыстар орналасқан. Тауар таңдағанда оны сынап көріп, өзіңізге ыңғайлы үлгіге тоқталған жөн.
Толтырғыштар
Остеохондрозды емдеуде қолданылатын сапалы валиктер Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған стандарттарды ескере отырып жасалады. Олар жентектеліп қалмайды және қаттылығы шамалы болады. Остеохондроз кезінде ортопедиялық жастықты таңдамас бұрын тауар заттаңбасында көрсетілген толтырманы зерттеп алу қажет.
- Дене пішінін қайталайтын көбік – ол дегенеративті-дистрофиялық өзгерістерді қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Өнім рогалик және тікбұрыш пішінінде шығарылады.
- Гипоаллергенді латекс – қатты толтырғыш. Бұл материалда зиянды микрофлора өсіп-өнбейді және ол ауа өткізеді. Бұйым арқаны түзеп, омыртқалардағы жүктемені азайтады.
- Қарақұмық қауызы – дене пішінін қайталайтын, бұлшықетті уқалап, қан айналымын жақсартатын экологиялық таза толтырма. Өнім аллергиялық реакция тудырмайды.
- Бамбук – бүлдіршіндер мен егде адамдардағы аурудың табиғи алдын алу құралы.
Қайдан сатып алуға болады?
Интернет-дүкен ұйқыға арналған ортопедиялық жастықты тиімді бағамен сатып алуды ұсынады. Тауарға сайтта өтінім толтырып немесе көрсетілген телефон нөмірі арқылы тапсырыс беруге болады.